Алматыда өткен митингте Салтанат Нүкенованың ағасы эмоцияға толы сөз сөйледі

Алматыда өткен митингте Салтанат Нүкенованың ағасы сөз сөйледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

26 қарашада Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы рұқсат етілген митинг өтті. Оған Астанада қаза тапқан Салтанат Нүкенованың туыстары қатысты. Марқұмның туған ағасы Айтбек Амангелді әсерлі сөз сөйледі.

"Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан бастап, прокуратура мен соттың әрекетсіздігіне дейін қыздар қолдаусыз қалады. Бұл әлемді кім жасады, бұл заңдарды кім жазды? Мұны істегендер бізді жерге қаратқаны енді белгілі болды. Жаңа заңдардың қалыптасуын, әсіресе, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресті қоғамдық бақылауға алу қажет. Бұған шыдаудың қажеті жоқ, ашық айту керек. Көмек сұрау керек. Біз үндемесек, ештеңе өзгермейді", - деді Айтбек рұқсат етілген митингіге қатысушыларға.

Мassaget.kz

"Біз көргенді ешкім, ешқашан көрмегенін қалаймыз. Заңдар бізді жерге қаратты. Бір-бірімізге көмектеспейік. Ең алдымен сөйлесіп, ортақ шешім іздеу керек", - дейді Салтанат Нүкенованың ағасы.

Сөз соңында Айтбек Амангелді зорлық-зомбылық жағдайының алдағы уақытта қоғам күш-жігері арқылы қалпына келетініне сенім білдірді.

"Бір жылдан кейін Салтанаттың бейітіне келгенде, мен оған бір нәрсені өзгерткенімізді айтамын деп үмітемін. Біз жақсарып, бір-бірімізге мейірімді бола бастағанымзды айтамын. Барлығы өз қолымызда, бүгіннен бастау керек. Әлемнің сұмдығын көргенде, көзіңізді жұмбаңыз. Идеал әлемде өмір сүргіміз келеді, бірақ алдымен оны жасау керек", - деп марқұмның ағасы сөзін эмоционалды түрде аяқтады.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол - Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!