Алматыда өрттен кейін төрт адам ауруханаға түсті

Алматының Алатау ауданында өрт жедел сөндірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, Әйгерім-1 шағынауданындағы Пригородная көшесінде екі қабатты ғимараттың шатыры өртенген. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына 7 минут ішінде жеткен. Өртсөндірушілер келген кезде шатыр жанып жатқан.

"Металл шатырдың ағаш торламасы арқылы өрт тез тараған. Жалын көршілес тұрғын үйлерге тарауы мүмкін еді. Алайда өртсөндірушілер тілсіз жау көрші үйлерге тарауына жол бермеді", - деп жазылған хабарламада.

Өрт 180 шаршы метр аумақта толық сөндірілген. Өртті сөндіру барысында шатыр опырылып түскен. Медициналық көмек қызметі төрт адамды ауруханаға жеткізген.

Қазір олар дәрігерлердің бақылауында. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!