Алматыда өрт кезінде қаза тапқан отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.
"Ақкент" тұрғын үй кешенінде өрттен Алматы тұрғыны Әсел Бекмұхамбетова қаза тапты. Алатау ауданының әкімдігі қаза тапқандардың отбасына қажетті моральдық және материалдық көмек көрсетеді", - делінген хабарламада.
Алатау ауданы әкімдігінің мәліметінше, қаза тапқандарды жерлеу рәсімі Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаражота ауылында өтеді. Аудан әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыруға, қаза тапқан жанның денесін тасымалдауға жәрдем көрсететін болады.
Алматыда өртте қаза тапқан қыз терезеден секірген
Еске салайық, кеше Алматыдағы Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйде өрт шыққаны хабарланды. Кейін өрттен зардап шеккендер саны анықталды.
"Ақкент" тұрғын үй кешенінің тұрғыны Дидар өрт туралы айтты. Ол - өрттен аман қалған тұрғындардың бірі. Ал Тілеужан Ахметжан есімді жігіт өрттен 6-7 адамды құтқарып алған. Ер адам 1 жасар баланы, көршінің отбасын, бір жігітті және полиция қызметкерін аман алып қалды.
Ал Түркия азаматы Шүкүр Гюнай Ақкенттегі өрт кезінде 16-қабатта қалған балаларды құтқарған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!