ТЖМ қызметкерлері Алматыда өрт кезінде 100-ден аса адамды құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін 112 қызметіне Алатау ауданындағы Дарабоз шағынауданында орналасқан 12 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
ТЖМ-нің алғашқы бөлімшелері жеткен кезде пәтерлердің бірінің ас бөлмесінде, 11-қабатта өрт болып жатқаны анықталған. Құтқарушылар дереу барлау жұмыстарын жүргізуге, тұрғындарды құтқаруға және эвакуациялауға кіріскен.
Газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары 10 адамды, соның ішінде 4 баланы құтқарған. Сондай-ақ, шамамен 100 адам эвакуацияланған.
"Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр", - деді ТЖД өкілдері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!