Алматыда опырылған тасжол: кінәлілерге шара қолданылды

Алматыда опырылған тасжол: кінәлілерге шара қолданылды
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы жолдарындағы ақау үшін бір компания аккредиттелу құқығынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Яссауи және Дастан көшелері қиылысында опырылған тасжолдан соң Қала құрылысын бақылау басқармасы Достық шағынауданында инженерлік желілердің құрылыс нысандарына жоспардан тыс тексеріс жүргізген.

"Техникалық қадағалау қызметін жүзеге асырған "Алатау сапа құрылыс" ЖШС-ға тиісті бақылау жүргізбегені үшін әкімшілік шаралар қолданылды. Тексеріс қорытындысы бойынша аккредиттелу туралы куәлігінен айырылды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, жоба шешімдерінен ауытқып, құрылыс саласындағы мемлекеттік талаптарды сақтамағаны үшін мердігер ұйым "СПЕЦКОММУНСТРОЙ" ЖШС-ға әкімшілік шаралар қабылданған.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаладағы мәселелерге кінәлілерді атады. Артынша бір мердігер лицензиясынан айырылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget