Алматының Әуезов ауданындағы Цветочная көшесінің бойында орналасқан өнеркәсіптік базалардың бірінің аумағында ағаш материалдары өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өрт сөндіру бөлімшелерінің қабылданған жедел шараларының арқасында қысқа мерзімде оттың барлық ағашқа, сондай-ақ құрғақ ағашы бар көрші контейнерлерге таралу қаупі жойылды.
140 шаршы метр аумақта шарпыған өрт сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз