Алматыда оқушы өз-өзіне қол жұмсаған: желіде бұған “буллинг себеп болғаны“ айтылды

Алматыда оқушы өз-өзіне қол жұмсаған: желіде бұған “буллинг себеп болғаны“ айтылды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы жекеменшік мектептің оқушысы 2 қыркүйектегі іс-шарадан кейін өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат пайда болды. Желіде бұған "буллинг себеп болғаны" айтылады. Полиция тергеуді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Жеке мектептің оқушысы өз-өзіне қол жұмсағаны туралы жазба TikTok-та жарияланды. Жазбада қыздың "оқу орны мұғалімдері және басқа оқушылардың ата-аналары тарапынан буллингке ұшырағаны" айтылады.

"...Ол әрқашан ерекше болды және іс-шараға өз стилінде келген. Бұған мұғалімдер мен директор шүйліккен. Оның шашынан ұстап, басын қабырғаға ұрған. Олар ювеналды полиция шақырып, моральдық қысым көрсеткен. Бұл, өкінішке қарай, оны өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүр етті", - деп жазылған жазбада.

Полиция не дейді?

Алматы Полиция департаменті оқушы өз-өзіне қол жұмсағанын растап, қылмыстық іс қозғалғанын, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - деді ведомство өкілі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget