- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда нөсер салдарынан...
Алматыда нөсер салдарынан су тасуы мүмкін
Алматылықтарға су тасқыны қаупі туралы ескертілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Алматыдағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі туралы 112 қызметінен тұрғындарға СМС хабарлама келген.
Сондай-ақ, тұрғындарға 12 сәуірде екпіні секундына 18 метрге жететін желдің күшеюі, нөсер мен найзағай туралы SMS келген.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше, нөсер салдарынан су тасқыны болуы мүмкін.
"Қазгидрометтің 11 сәуірдегі №8 жедел ескертуі: 12 сәуірден бастап Алматыға іргелес таулы аудандарда нөсер болжамына байланысты еңіс ағынды судың және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Су қауіпті деңгейден асып кетсе, төгіліп, аудандарды су басуы мүмкін", - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД.
Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға жақын маңдағы арықтар мен каналдардағы қоқыстарды тазалау қажетін еске салады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек