- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда нөсер жауынға...
Алматыда нөсер жауынға байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
Алматының коммуналдық қызметтері жаңбырға байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
13 қазан күні сағат 13:30-дан бастап Алматыда жаңбыр жауа бастады, ол 14 қазан күні таңертеңге дейін жауады деп болжам бар.
Арық желілері арқылы судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында сағат 08.00-ден бастап 38 патрульді бригаданың шығуы ұйымдастырылды. Су тасқынының алдын алу және жою үшін барлығы 168 бірлік арнайы техника, 23 мотопомпалар және 757 жол жұмысшылары жұмылдырылды. 1800 қап құм әзірленді. Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша Алматы қаласында 14 қазан күні таңға дейін кейде қатты жаңбыр жауады, биіктігі 10-15 мм, Каменское платода желдің екпіні 15-20 м/с дейін 20 мм дейін, күндіз ауа температурасы +14 градусов+16 градус, түнде +3...+5.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан