Алматыда арыққа құлаған ер адам қаза тапты. Алдын ала ақпарат бойынша қайғылы оқиға кезінде ол мас болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін желіде жазатайым оқиға туралы ақпарат тараған еді. Арықтан ер адамның мәйіті табылғаны хабарланды. Алдын ала мәлімет бойынша ағыс оны құбырға тартып кеткен. Құбырды тазартуға келген коммуналдық қызмет өкілдері қоқыс емес, мәйітті тапқан.
Алматы Полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Ер адам мас күйде тепе-теңдігін жоғалтып, арыққа құлап кеткені анықталды. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова