Алматыда нөсер жаңбыр жауып, жел күшейеді: тұрғындарға бірнеше ескерту жасалды

Алматыда нөсер жаңбыр жауып, жел күшейеді: тұрғындарға бірнеше ескерту жасалды

Алматыда 25 қыркүйек түнгі уақыттан 27 қыркүйек түске дейін жаңбыр жауады, арагідік нөсер жаңбыр жауып, жел күшейеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, жауын суы кедергісіз ағып кетуі үшін күндізгі уақытта оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқан меридиандық арық желілері кездейсоқ қоқыстардан қайталап тазартылды. Бұл жұмысқа 82 бірлік арнайы техника және 310 жұмысшы жұмылдырылды.

Проблемалық учаскелерде су тасқынының алдын алу және жою үшін мотопомпалармен, багрлермен және басқа да шанц құралдарымен жабдықталған 46 жедел мобильді бригада кезекшілікке шығады. 2,6 мың қап құм қамтамасыз етілді.

25-інен 26-сына қараған түні 311 арнайы техника, 28 мотопомпа және 340 жұмысшы жұмылдырылды. Таңертеңнен бастап 457 арнайы техника, 28 мотопомпа және 754 адам жұмысқа шығады деп жоспарланып отыр.

"Ауа райының бұзылуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына тауға бармауға кеңес беріледі. Жүргізушілерге ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне байланысты көліктерді жол жиегіне қоюға кеңес берілмейді. Сондай-ақ су басуды болдырмау үшін қала тұрғындарынан арықтарды, нөсер ағындары мен каналдарды қоқыспен бітеп тастамауды сұрайды. Құқықбұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша "қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым нысандарын бұзу, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және зақымдау" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады", – делінген ведомство таратқан хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан