- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда нөсер жаңбыр...
Алматыда нөсер жаңбыр жауады
"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша, 20-22 наурыз аралығында Алматыда ауа райы бұзылып, нөсерлі жауын-шашын болады деп күтілуде. Осыған байланысты қалалық коммуналдық қызметтер дайындала бастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта 536 жұмысшы мен 89 бірлік арнайы техниканың күшімен арық желілерін, арық өткелдерін және кездейсоқ қоқысқа айналған жерлерді тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқан негізгі меридиандық арықтарды тазарту аяқталды. Көлденең арық желілерін жинау жұмыстары жалғасуда. 18 наурыздағы жағдай бойынша 640 тонна қоқыс, сазды балшық, лай және мұз шығарылды.
Жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу үшін мотопомпалармен және шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылады. 2,3 мыңнан астам қап құм дайындалды. Аудандық әкімдіктерде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылатын болады.
"Ауа-райының нашарлауына байланысты тұрғындарға тауға барудан бас тартуға, жүргізушілерге ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне байланысты көліктерді жол жиегіне қоймауға кеңес беріледі. Су басып қалуды болдырмау үшін қала тұрғындарынан арықтаға, нөсер ағындары мен каналдарға қоқыс тастамауды өтініп сұраймыз", - дейді Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы өкілдері.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина