- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда Нигерия азаматтары...
Алматыда Нигерия азаматтары заңсыз жүрген
Фото:
ІІМ
Алматыда заңсыз жүрген Нигерия азаматтары елден шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Олар Қазақстанда жүрген кезінде көші-қон заңнамасын бұзған, заңнамада белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпаған. Бұл азаматтар соттың шешімімен мемлекетімізден шығарылған болатын. Айта кетейік, бұл іс-шара бірнеше кезеңнен тұрады", - деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.
Бұған дейін Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталған Африка құрлығы елдерінің 19 азаматы өз еліне қайтарылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова