- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда неге жерасты...
Алматыда неге жерасты дүмпулері бірнеше күннен бері жалғасып жатыр? ТЖМ жауабы
Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыда жерасты дүмпулері неліктен бірнеше күн бойы жалғасып жатқанына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тұрақты дүмпулердің себебі - 22-23 қаңтарға қараған түні Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған жойқын жер сілкінісі.
"Әдетте мұндай қарқындағы жер сілкінісінен кейін 2 балдан аспайтын көптеген жер сілкінісі болады. Бұл кейінгі бірнеше күнде байқалады", - деп түсіндірді ТЖМ қызметкерлері.
Мамандардың айтуынша, бұл процестің қанша уақытқа созылатынын анықтау қиын.
"Сейсмиканы белсендіру процесі біртіндеп әлсіреп, қалыпты режимге оралады", - деді мамандар.
Тағы да оқи отырыңыдар: Тарихтағы ең жойқын жер сілкінісі қайда және қашан болды?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә