- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Іздестіру жұмыстары
Алматыда наурыздың ортасында жоғалып кеткен тұрғын өлі табылды

Фото: ©️ instagram/volontery_almaty_lider.kz
Наурыздың ортасында жоғалып кеткен Алматы тұрғыны өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақпаратқа сәйкес, 1987 жылы туған Кон Константин Игоревич 15 наурызда жоғалып кеткен. Ол Алатау ауданы, Петровский көшесі, 4-үй мекенжайынан шыққаннан кейін қайта оралмаған.
Белгілері: бойы – 160 см, орта денелі, шашы қара, қысқа, сол қолында үш саусағы жоқ.
Еріктілердің мәліметінше, ер адамның денесін полицейлер 22 наурызда Алматыда тапқан. Оқиғаның басқа мән-жайы хабарланбады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан