Алматыда наурыздан бастап кезекші ХҚКО-лар мекенжайы өзгереді

1 наурыздан бастап Алматыда үш кезекші ХҚКО, сондай-ақ, екі кезекші арнайы ХҚКО жұмысын бастайды. Өзгерістер екі ХҚКО-ның мекенжайына және арнайы ХҚКО-лардың жұмыс кестесіне қатысты болмақ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Наурыздан бастап мына мекенжайларда кезекші ХҚКО-лар ашық болады:

  • Алатау ауданы Нұркент шағынауданы, 5/17;
  • Алмалы ауданы Бөгенбай батыр көшесі, 221;
  • Бостандық ауданы Алмагүл шағынауданы Ходжанов көшесі, 9а.

Жұмыс уақыты:

  • Аптаның жұмыс күндері, сағат 9:00-20:00 аралығы;
  • Сенбі күні сағат 9:00-13:00-ге дейін.

Саялы және Кемел шағынаудандарында орналасқан арнайы ХҚКО азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін қабылдайды, алайда өтініштерді тек 18:00-ге дейін беруге болады, ал дайын құжаттарды 20:00-ге дейін алуға болады.

Сенбіде өтініштерді қабылдау уақыты 12:00-ге дейін шектеледі, ал құжаттарды беру 13:00-ге дейін жалғасады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!