1 наурыздан бастап Алматыда үш кезекші ХҚКО, сондай-ақ, екі кезекші арнайы ХҚКО жұмысын бастайды. Өзгерістер екі ХҚКО-ның мекенжайына және арнайы ХҚКО-лардың жұмыс кестесіне қатысты болмақ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Наурыздан бастап мына мекенжайларда кезекші ХҚКО-лар ашық болады:
- Алатау ауданы Нұркент шағынауданы, 5/17;
- Алмалы ауданы Бөгенбай батыр көшесі, 221;
- Бостандық ауданы Алмагүл шағынауданы Ходжанов көшесі, 9а.
Жұмыс уақыты:
- Аптаның жұмыс күндері, сағат 9:00-20:00 аралығы;
- Сенбі күні сағат 9:00-13:00-ге дейін.
Саялы және Кемел шағынаудандарында орналасқан арнайы ХҚКО азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін қабылдайды, алайда өтініштерді тек 18:00-ге дейін беруге болады, ал дайын құжаттарды 20:00-ге дейін алуға болады.
Сенбіде өтініштерді қабылдау уақыты 12:00-ге дейін шектеледі, ал құжаттарды беру 13:00-ге дейін жалғасады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова