Алматыда Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асқан "Наурыз" жаңа тұрғын үй бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификатын алуға өтініш қабылдау басталды. Бұл бастама тұрғын үй алуда көмекке мұқтаж халықтың неғұрлым осал санатын қолдауға бағытталған.
Алматы қаласы мәслихатының шешімімен бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификатын беруге қаражат бөлінді. Сертификат мөлшері 1,5 млн теңгеге дейін, ол өтеусіз әрі қайтарымсыз беріледі. Сертификат алушыларға ЖАО кезекте тұрғандардың ішіндегі мынадай санаттар жатады:
Жаңа ережеге сәйкес сертификат алу үшін отбасының орташа табысын растау қажет, ол отбасының әрбір мүшесіне осы қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген көрсеткішінен (134 561,7 теңге) аспауға тиіс.
Отбасы банкінде төлем қабілеттілігін растаған және тұрғын үй тапқан азаматтар Kezekte.kz сайтындағы (Amanat сервисі арқылы) тұрғын үй сертификатына өтінім бере алады. Қажетті құжаттар:
Өтініштер 3 жұмыс күні ішінде қаралады, бұл тұрғын үй көмегін алуды жылдам әрі қолжетімді қылады.
Бұған дейін тұрғын үй сертификаты тек "Бақытты отбасы" және "Шаңырақ" бағдарламалары аясында берілетін, ал жаңа өзгеріс тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды қолдау мүмкіндігін кеңейтеді.
Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы ұсынған материал
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!