- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда НАТО бітімгерлік...
Алматыда НАТО бітімгерлік орталығы ашылғаны рас па?
Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде Алматыда НАТО-ның бітімгерлік орталығы ашылғаны туралы ақпарат тарады. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, бізде мұндай орталық ашылмаған. Бұл дереккөздер ҚР Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығының жаңа конференц-залын НАТО орталығы деп хабарлаған.
Залдың ашылуына АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниэль Розенблюм шақырылды.
ҚР ҚМ Бітімгерлік операциялар орталығы оқу орны ретінде 2006 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Онда қазақстандық әскерилерді БҰҰ стандарттары бойынша бітімгерлік операцияларға қатысуға үйретеді.
Елімізде "НАТО орталығының" ашылғаны туралы хабарламалар - жалған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек