Нархоз Университеті жайлылық пен экологиялылыққа баса назар аудара отырып, өз студенттері үшін жаңа форматтағы жатақхана салуға кірісті.
Алматыда Нархоз университетінің аумағында студенттерге арналған жаңа жатақхананың ескерткіш тасын қою рәсімі өтті. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Нұрбек Саясат пен Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Егембердиев Абзал Қуандықұлы қатысты.
"Жыл сайын мектеп бітірушілер қатары көбейіп, жаңа жатақханаға деген қажеттілік күн санап артып келеді. Биыл еліміздің барлық өңірлеріндегі жатақханаларды жеке тексеріп шықтым. Олардың арасында Нархоз да бар. Нархоз университеті еліміздің түкбір-түкбірінен келген мектеп бітірушілерді баспанамен қамтамасыз ету міндетін сәтті орындап келе жатқанын атап өткім келеді. Алдағы уақытта да осы жоғары стандарт сақталып, жаңа жатақхана студенттеріміз үшін жаңа ғылыми идеялардың, жобалардың, жетістіктердің қайнар көзіне айналады деп сенемін", - деді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Нұрбек Саясат өз сөзінде.
Өз кезегінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев:
"Алматы қаласын дамыту бағдарламасының «Жол картасы» аясында 2025 жылдың соңына дейін 12 мың, 2030 жылдың соңына қарай тағы 20 мың төсек-орын құру жоспарлануда. Бұл жатақхана тапшылығы мәселесін толығымен шешеді. Жатақхана құрылысы бойынша жұмысты тиімді үйлестіру үшін қала әкімдігі министрлікпен бірлесіп наурыз айында Жобалық кеңсені іске қосты. Бүгін біз жаңа Нархоз жатақханасына ескерткіш тас қойдық. Жобаның сәтті жүзеге асуына тілектеспін".
Жаңа жатақхана 3, 5 және 7 қабаттан тұратын, жалпы ауданы 8661 м2 болатын, жалпы саны 424 студент тұратын ғимараттар кешені болады. Студенттер жеке жуынатын бөлмелері мен душтары бар, 142 бөлмеде екі немесе үш адамға арналған. Құрылыс 2024 жылдың қарашасында аяқталады деп күтілуде. "Верный Капитал" компаниялар тобы қаржыландыратын жобаның құны 7 миллиард теңгеден асады.
Архитектуралық шешімдер салынып жатқан учаскенің қала құрылысы ерекшеліктерін ескере отырып, заманауи ғимарат құруды қарастырады. Жатақхананың құрылысында экологиялық материалдар қолданылып, аумақ көгалдандырылады. Бұл әлемдік тәжірибені ескере отырып салынған ультра заманауи жатақхана болмақ.
Әр қабатта ас үй, коворкинг және қосалқы бөлмелер бар, ал бірінші қабаттарда медициналық пункт, кір жуу машинасы, техникалық және коммерциялық үй-жайлар, ерекше қажеттіліктері бар студенттерге арналған арнайы жабдықталған бөлмелер болады. Бесінші қабаттың төбесінде студенттердің демалуы үшін 400 м2 кең "жасыл" террассалар болады.
"Дарынды студенттерді тарту және оларға қолайлы жағдай жасау – біздің басты стратегиялық басымдықтарымыздың бірі. Тек 2023 жылдың өзінде мемлекеттік гранттар конкурсында 12 мыңнан астам талапкер біздің университетті таңдады. Алайда, олардың 2700-і ғана «Нархоз» грантын ала алды. 2022 жылы білім берудің инфрақұрылымдық дамуында жаңа стандарттарды белгілеген негізгі кампусымызды қайта құрылысы жасалды. Жаңа жатақхананың салынуы университеттің 60 жылдық мерейтойындағы одан әрі дамуындағы маңызды кезең болып табылады", - деді өз сөзінде университет президенті Мирас Дәуленов.
Биыл Нархоз университетіне 3500-ден астам студент түсті. Нәтижесінде бір жыл ішінде мемлекеттік грант иегерлерінің үлесі бойынша Нархоз республика бойынша 33-орыннан 5-орынға көтеріліп, білім беру бағдарламалары топтары бойынша ҰБТ-ның орташа балы 107-ге жетті (жыл ішінде 24 балға өсті).
Жарнама материалы