Алматыда мың гүлден кілем өріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматылықтар мен қала қонақтары ол кілемді 23 мамырда ҚР Тұңғыш Президентінің саябағында өтетін V қалалық "Алматы - гүл қала" атты гүл фестивалінде көре алады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, мереке бағдарламасы өте тартымды.Гүл кілем, ол мың гүлден және табиғи материалдың 30-дан астам түрінен өрілген.
"Фестивальға келушілер гүлдер көрмесі мен жәрмеңкесін, концерт, ашық аспан астындағы кинотеатрды, жас орындаушылар конкурсын тамашалай алады. Фестиваль қонақтарын қаланың белгілі адамдары гүл мерекесімен құттықтайды", - делінген әкімдіктің хабарламасында.
Айта кетейік, фестиваль сағат 11.00-ден 21.00-ге дейін болады.