Алматыда Мұратбаев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Мұратбаев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала әкімдігі мәліметінше, Мұратбаев көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

"20 тамыз сағат 08:00-ден 26 тамыз сағат 08:00-ге дейін Райымбек батыр даңғылынан Мақатаев көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы жабылады", - деді әкімдік өкілдері.

Сурет: Алматы әкімдігі

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!