Алматыда мопедші жол апатына ұшыраған сәт видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Видеотіркегіш мопед жүргізушісі оң жақта тұрған көліктің артынан жоғары жылдамдықпен қалай соқтығысқанын түсіріп алған.
Алматы Полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 30 шілдеде сағат 11:50 шамасында Әл-Фараби даңғылында болған.
"Жүргізуші Н. Қытайда жасалған мопедті мемлекеттік нөмірсіз тізгіндеп, Әл-Фараби даңғылы бойымен шығыс бағытта келе жатып, қашықтық сақтамаған. Осылайша, Mitsubishi маркалы көлігіне соқтығысқан", - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
Оқиға салдарынан мопедші дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
"Бұл деректі Бостандық ауданының ПБ тексереді", - деп қосты Шәріпов.