Алматыда мопедші жол апатына ұшыраған оқиғаның видеосы жарияланды

Алматыда мопедші жол апатына ұшыраған оқиғаның видеосы жарияланды
Фото: almaty_kris_p

Алматыда мопедші жол апатына ұшыраған сәт видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Видеотіркегіш мопед жүргізушісі оң жақта тұрған көліктің артынан жоғары жылдамдықпен қалай соқтығысқанын түсіріп алған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ALMATY KRIS P|21+?? (@almaty_kris_p)

Алматы Полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 30 шілдеде сағат 11:50 шамасында Әл-Фараби даңғылында болған.

"Жүргізуші Н. Қытайда жасалған мопедті мемлекеттік нөмірсіз тізгіндеп, Әл-Фараби даңғылы бойымен шығыс бағытта келе жатып, қашықтық сақтамаған. Осылайша, Mitsubishi маркалы көлігіне соқтығысқан", - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Оқиға салдарынан мопедші дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

"Бұл деректі Бостандық ауданының ПБ тексереді", - деп қосты Шәріпов.

Ж. Қадыржанова