- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда мопедист жолаушылар...
Алматыда мопедист жолаушылар мінген автобусқа оқ атқан
Алматыда мопед айдаған ер адам жолаушылар мінген автобусқа оқ атқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде тараған видеоның жазбасында ер адам №219 автобусқа оқ атқаны айтылады. Бұған жолдағы жанжал себеп болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алматы полиция департаменті бұл дерек бүгін, 5 мамырда 10:00 шамасында Түрксіб ауданында болғанын растады.
"Жолдағы жанжал салдарынан мопед жүргізушісі пневматикалық тапаншадан қоғамдық көліктің әйнегіне атып, оқиға орнынан бой тасалаған. Зардап шеккендер жоқ. Мопедистің кім екені анықталды. Оны қамауға алу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство.
Аталған дерек бойынша тергеу амалдары Түрксіб аудандық полиция басқармасына қарасты бөлімде жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан