- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда мопедист бар...
Алматыда мопедист бар жылдамдықпен әйелді қағып кетті: жантүршігерлік видео
Алматыда мопедист бар жылдамдықпен қарт әйелді қағып кетті. Куәгерлердің айтуынша, бұл күндіз Төле би - Исаев қиылысында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде тараған кадрларда әйелдің жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқанын көруге болады, оған көліктер жол берген. Бір кезде сол жақтағы автобус жолағында мопедист оны қатты жылдамдықпен соғып өтті. Соққыдан әйел бірнеше метрге ұшып кетеді.
Жазбада әйелдің жағдайы туралы айтылмаған.
Полицейлердің мәліметінше, жол апаты 11 маусымда таңғы сағат 10:30-да болған. 24 жастағы мопед жүргізушісі 60 жастағы әйелді қағып кеткен.
"Мопед жүргізушісі 2000 жылы туған азамат У. жаяу жүргіншіні, 1964 жылы туған әйелді қағып кетті. Ол қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеуді Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жүргізіп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан