Алматыда мопед пен самокат тізгіндегендер арасында жол апаты көбейді

Алматыда мопед пен самокат тізгіндегендер арасында жол апаты көбейді
Фото: elements.envato.com

Алматыда 114 мопед жүргізушісіне бір тәулікте 700 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлайды Polisia.kz

"Жаз басталуына байланысты мопед пен электросамокат тізгіндегендер саны артты және соның салдарынан жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі де көбейді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, мобильді көліктер салдарынан болған жол-көлік оқиғаларының саны 4 есеге артқан. Балама көлік түрлерін пайдаланатын адамдардың ҚР жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтау бойынша жұмыс күшейтілді. Мәселен, алдын алу іс-шарасының бір күнінде алдыңғы шептегі бөлімшелер, мопед жүргізушілері жасаған ҚР жол қозғалысы ережелерін бұзудың 114 дерегін анықтады. Құқықбұзушылар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 615-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдың жалпы сомасы 698 мың 364 теңге болды", - деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Оның айтуынша, биыл алты айда Алматыда мопедтер мен электросамокаттарға байланысты 77 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оның салдарынан 81 адам жарақат алып, біреуі қаза болған. Самокат пен скутер тізгіндеген балалар жасаған 21 жол апаты тіркеліп, оның салдарынан 23 бала жарақат алған.

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget