- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда миллион теңге...
Алматыда миллион теңге бопсалаушылар ұсталды
Алматы полициясы ақша бопсалаған күдіктілерді ұстады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
"Арнайы операция нәтижесінде бес ер адам ұсталды, олардың үлкені 35 жаста, кішісі 27 жаста. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы бойынша тергеліп жатыр", - делінген хабарламада.
Олар жәбірленушіден талап етілген 1 миллионнан 650 мың теңгесін алып жатқан кезде ұсталды.
"Қаскүнемдер біраз уақыт бұрын заңсыз иемденген көлікті қайтару үшін бейтаныс адамнан ақша бопсалады. Ұсталғандардың екеуі бұрын ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабы "Кісі өлтіру" және ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы "Браконьерлік" бойынша сотталған", - деді полиция.
Бұл жолы ұсталған кезде күдіктілерден өсімдік тектес ұнтақ зат пен травматикалық тапанша тәркіленді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова