Алматыда метрода төбелес шыққан

Алматыда метрода төбелес шыққан
Фото: Видео кадры

Алматыда метрода төбелес шыққан. Алматы Полиция департаменті өкілі оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Пойызда басталған төбелес метрополитендегі бекеттердің бірінің платформасында жалғасқан. Полицияның мәліметінше, жанжалға қатысқан екі адам ұсталып, жиналған материалдар сотқа жолданған.

"Сот шешімімен құқық бұзғандар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрқайсына 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды", - деді Алматы ПД өкілі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget