Алматыда метро бекетіндегі әдеттегі тексеріс тосын жағдаймен аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция "Байқоңыр" бекетінде жолаушылардың бірін тексерген. Рентген-телевизия қондырғысы оның сөмкесінен күмәнді затты көрсеткен.
"Тексеріс барысында калибрі 5,45 миллиметр болатын, ойық ұңғылы қаруға арналған екі патрон тәркіленді. Ер адам ұсталып, аумақтық полиция қызметкерлеріне тапсырылды", - деп жазылған хабарламада.
Қазір ол оқ-дәрілерді қайдан алғаны және қандай мақсатта алып жүргені анықталып жатыр. Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!