Алматыда метро құрылысы үшін алынатын учаскелер аталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі krisha.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматыда әкімдік метро құрылысы үшін 92 учаскені сатып алмақ. 2022 жылғы 7 қыркүйектегі "Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп алуды бастау туралы" қаулы қабылданды.
Жерді алу метрополитеннің үшінші іске қосу кешенін салу үшін қажет. Жобаға сәйкес, желі Абай даңғылының бойымен, Яссауи көшесінен батыс бағытта "Барлық" базарына дейін барады.
Алынатын учаскелер мынадай:
Иеліктен шығарылған учаскелер мен жылжымайтын мүліктің барлық иесіне нарықтағы құны бойынша ақшалай өтемақы төленеді.
Әкімдік мәліметінше, қазірдің өзінде 24 жер учаскесі сатып алынған. 68 учаске бойынша сатып алу жұмыстары жүріп жатыр. Жұмысты 2025 жылдың 4 сәуіріне дейін аяқтау жоспарланған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!