Алматыда метро құрылысы кезінде жымқырылған қаражат қайтарылды

Мемлекетке ірі көлемдегі қаражат қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Метрополитен" КМК-ның лауазымды тұлғалары мердігер ұйымдардың басшыларымен, қызметкерлерімен алдын ала сөз байласу арқылы Алматы қаласында метрополитен салуға және жабдықтауға бөлінген бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру схемасын ұйымдастырған.

Алмалы аудандық сотының үкімімен "Метрополитен" КМК-ның және мердігер ұйымның 10 лауазымды тұлғасы мүлкін тәркілеу, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру, келтірілген залалды ортақ тәртіппен өндіру жазасына кесілген.

"Кассациялық тәртіппен сот актісінің заңдылығы тексеру барысында жымқырылған қаражаттың 127 млн теңгесі басқа заңды тұлғаның банк шотынан анықталған. Прокурордың кассациялық наразылығы бойынша сот актілері өзгертіліп, көрсетілген қаражат мемлекет кірісіне өндірілді", - деп жазылған хабарламада. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!