Алматыда мешіт қызметкерлері арасында спартакиада өтеді

Алматыда мешіт қызметкерлері арасында спартакиада өтеді
Фото: azan.kz

29 қыркүйек күні Алматы қаласындағы Нархоз университеті стадионында мешіт қызметкерлері арасында спартакиада ұйымдастырылады. Жарыс "Асыл мұра" бағдарламасы аясында өтеді.

Спартакиада шағын-футбол, армрестлинг, үстел теннисі, гір көтеру, арқан тарту, тоғызқұмалақ және шахмат спорт түрлерінен өткізіледі. Астана уақытымен сағат 10:00-де басталады.

Жарысқа тек мешіт қызметкерлерінен жасақталған командалар ғана қатыса алады. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медальдар, кубок және сыйлықтармен марапатталады.

Спартакиаданың басты мақсаты - мешіт қызметкерлерінің дене шынықтыру деңгейін арттыру және үздік ұжымдарды анықтау болып табылады.

О. Сансызбай