Алматы қалалық мобилділік басқармасы қоғамдық көліктердің мереке күндеріндегі жұмыс кестесін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Басқарма мәліметінше, 1 қаңтарда жолаушыларды тасымалдауға жылжымалы құрамның 50 пайызы шығады.
2–4 қаңтар аралығында қоғамдық көлік демалыс күнінің кестесі бойынша жұмыс істейді.
"№12 маршрутта (Алматы-2 теміржол вокзалы - "Медеу" мұз айдыны) 1-4 қаңтар аралығында демалыс күнінің кестесіне сәйкес жолаушыларға 20 қоғамдық көлік қызмет көрсетеді. №3 түнгі маршрут өзгермейді", - деп жазылған хабарламада.
Метро демалыс күнінің кестесі бойынша 06:20-дан 00:00-ге дейін жұмыс істейді, қозғалыс аралығы 12–15 минут.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!