Алматыда 40 жастағы азамат пәтерлерді мемлекеттік бағдарлама бойынша сатқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әуезов аудандық полиция басқармасының мәліметінше, ресми түрде арызбен 10 адам жүгінген.
"Жәбірленушілердің айтуынша, ер адам мемлекеттік бағдарлама бойынша өте тиімді шарттармен, міндетті алдын ала төлеммен пәтер алуды ұсынған. Оған ақша аударылғаннан кейін ер адам байланысқа шығуын тоқтатқан. Жедел шаралар жүргізіліп, күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта қаланың басқа аудандарында да осындай алаяқтық деректерін анықтау бойынша жұмыстар мен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмеді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай, кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!