Алматы әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
11 сәуірде Внуково-Алматы бағытындағы рейсі ұшып келгеннен кейін көлік полицейлері ҰҚК шекара қызметі қызметкерлерімен бірлесіп, Ресей Федерациясының 32 жастағы тұрғынын ұстады.
Ер адамға 2023 жылғы қыркүйекте Тәжікстан Республикасының азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды қарулы құрамдарға, қарулы қақтығыстарға немесе басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдарға заңсыз тартқаны және қатысқаны үшін мемлекетаралық іздеу жарияланған.
Қазір ұсталған ер адам УҰИ-ға қамалды. Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!