Алматыда жекеменшік мектептердің бірінде бірінші сынып оқушысының зорланғаны туралы ақпарат расталмады, - деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.
Еуразия арнасының мәліметінше, Алматыда жекеменшік мектептердің бірінде бірінші сынып оқушысының зорланғаны туралы ақпарат расталмаған. Бұл туралы мектеп директоры мәлімдеді. Оның айтуынша, баланың әкесі жоғары сынып оқушылары ұлына зорлық көрсетті деп, мұғалімдер мен мектеп басшылығына жала жапқан. Мектеп директоры полиция департаменті өкілдерінің бұл деректі растамағанын айтты.
"Деректердің нақты емес екені расталды. Енді бізге жала жапқаны үшін құқық қорғау органдарына жүгіне аламыз", - деді мектеп директоры Бақытжан Нұрматова.