- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда мектеп бітіруші...
Алматыда мектеп бітіруші қыздар жас баланы аяусыз ұрып-соққан
Алматыда оқушылар жігітті ұрып-соққанын видеоға түсіріп, оны Желіге таратқан. Кәмелетке толмаған күдіктілер полицияға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде жас жігіттің соққыға жығылып жатқаны бейнеленген видео тарады. Кадрлардан мектеп бітіруші екі қыз жас жігітті аяусыз тепкілеп, іс-әрекеттерін видеоға түсіріп тұрғаны көрінеді.
View this post on Instagram
Алматы полиция департаменті бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Кәмелетке толмаған күдіктілер полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта олардың ата-аналарының қатысуымен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа мән-жайлар анықталады", - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне.
Тағы да оқи отырыңыздар: Бөлменің ауданын қалай есептейді?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә