Алматыда Медеуге баратын жолдың бір бөлігі жөндеуге жабылады

Алматыда "Медеу" БТСК-не барар жолдың бір бөлігі түнде жөндеуге жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Керей-Жәнібек хандары көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

5 қыркүйек сағат 23:00-ден 6 қыркүйек 06:00-ге дейін Samal қонақ үйінен - селден қорғау құрылымдары мен "Экобекет" аялдамасына дейінгі аумақта қозғалыс жабылады.

Айта кетейік, осы көшенің тағы 2 шақырымын жөндеу жоспарланған. Жабылатын күні мен уақыты қосымша хабарланады.

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!