Алматыда Медеу мен Шымбұлаққа кіру ережелері өзгереді

Алматыда мәслихат депутаттары Медеу мен Шымбұлаққа көлікпен кірудің жаңа тәртібін қолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жобаны мәслихат сессиясында Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары Аршат Бақтыгереев таныстырды. Оның айтуынша, жаңа тәртіптің негізгі мақсаты - ерекше қорғалатын аумақтарға түсетін жүктемені азайту.

Басқарма мәліметінше, бақылау-өткізу пунктінен тәулігіне шамамен 700 көлік өтеді. Биыл сегіз айда 179 024 көлік өткен. 2022 жылы бұл көрсеткіш 76 606 болған.

"Жаңа тәртіп бойынша іштен жанатын қозғалтқышы бар көліктердің кіруіне шектеу қойылады. Электрмобильдерге бөлек режим қарастырылған: жұмыс күндері кіруге рұқсат етіледі, ал демалыс және мереке күндері шектеу барлық көлікке қолданылады", - деді ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!