Алматыда Майлин көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімдігі мәліметінше, Майлин көшесінің бір бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
"21 тамыз сағат 20:00-ден 24 тамыз сағат 08:00-ге дейін №9 үйден Тбилиси көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі. Жөндеу жұмыстары көшенің батыс бөлігінде жүргізіледі, ал қарама-қарсы бағытта реверсивті көлік қозғалысы ұйымдастырылады", - деді әкімдік өкілдері.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз