Әлеуметтік желіде "Алматыда маньяк пайда болды" деген хабарлама тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алматыда маньяк жүр. Үш адамды өлтіріп, біреуін пышақтап кеткен. Тіпті кім екені де анықталмаған", - деп жазылған желіде тараған хабарламада.
Алматы Полиция департаменті мессенджерлерде тарап жатқан ақпаратты теріске шығарды. Ведомство бұл ақпарат жалған екенін және мұндай дерек тіркелмегенін мәлімдеді.
"Полиция көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Сондықтан азаматтарды тек ресми дереккөзден алынған мәліметке сүйенуге шақырамыз", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!