Алматыда қоғамдық тәртіпті бірнеше рет бұзған "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде екі ай ішінде рейд жүргізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы прокуратурасы мәліметінше, 1000-ға жуық құқықбұзушылық анықталған. Соның ішінде:
- көші-қон заңнамасын бұзудың 120 дерегі;
- қоғамдық тәртіпті бұзудың 98 дерегі;
- заңсыз жалға алудың 114 дерегі;
- жыныстық қызмет көрсету үшін пайдаланылған 22 пәтер;
- жол қозғалысы ережелерін бұзудың 567 дерегі;
- алкоголь өнімін заңсыз сатудың 7 дерегі.
Жұмыс барысында меншік иелерінің жұмыс орны, байланыс деректері, әрбір пәтер бойынша деректер базасы жасалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова