Алматыда Манас көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Манас көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
"31 шілде сағат 19:00-ден 4 тамыз сағат 08:00-ге дейін Манас көшесінің Абай даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толық жабылады", - деді әкімдік өкілдері.
Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген тақталар орнатылады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!