- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда мамырдағы мереке...
Алматыда мамырдағы мереке күндері қандай шаралар өтеді?
Алматыда мереке күндері қандай шаралар өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеңіс күніне орай самбодан халықаралық турнир өтеді
Жеңіс күні мен әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровты еске алуға арналған самбо және жауынгерлік самбодан халықаралық турнир 5-7 мамыр аралығында Алматыда өтеді. Оған Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан спортшылары қатысады.
9 мамырға арналған марш Алматыда онлайн форматта өтеді
Биыл "Ер есімі - ел есінде" ("Батырларға тағзым") жыл сайынғы акциясы онлайн форматта арнайы платформада өтеді, ол қазақстандық батырлар туралы барлық ақпаратты көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері хабарлады. 9 мамырда Алматыда өтетін онлайн-шеруге барлығы қосыла алады.
9 мамырдағы негізгі іс-шаралар 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында өтеді
Қала активі\белсенділерімен соғыс ардагерлерінің гүл қою рәсімі әскери қызметкерлердің салтанатты маршымен басталып, Алматы қаласы әкімінің эстрадалық және симфониялық оркестрінің мерекелік концертіне эстрада жұлдыздары да қатысады.
Мереке күні жергілікті билік іс-шаралар өтетін орындарды мерекелік безендіріп, қала бойынша билбордтар, медиа тақталар мен LED экрандар орнатады. Биыл 50 мың дана "Жеңіс" туралы таспа шығарылады. Оларды белсенді түрде тарату үшін волонтерлар жаппай тартылады.
Аудан әкімдерімен бірге қалада орналасқан мемориалдық тақталарға, ескерткіштерге, соғыста қаза тапқан, ерлік көрсеткен батырлардың мәңгілік ескерткіштеріне (Бауыржан Момышұлы ескерткіші, Талғат Бигелдинов, Сағадат Нұрмағамбетов, Рахымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова, Сергей Луганскийдің бюсті, "Отан қорғаушы батыр ұлдарына мәңгілік ескерткіш", "Отан үшін шайқаста қаза тапқан батырларға мәңгілік тағзым" атты даңқ ескерткіштеріне) тағзым етіледі.
Мәдени шаралар
Тұрғындарға бейбіт өмірдегі мерекелік көңіл күй сыйлау үшін 9 мамырда бір мезгілде бірнеше жерде мәдени іс-шаралар кеңінен ұйымдастырылады.
Сағат 10:00-ден 14:30-ға дейін Вознесенский соборының алдындағы алаңда (28 гвардиялық-панфиловшылар саябағы) концерттік бағдарлама өтеді.
11:00-ден 16:30-ға дейін Арбатта (Жібек жолы мен Панфилов көшелерінің қиылысы) және Шоқан Уәлиханов атындағы саябақта да осындай концерттер қала тұрғындары мен қонақтары үшін ұйымдастырылады.
Дәл осы күні басқа аудандарда да (Алатау ауданында 7 мамырда өтеді) қатар түрлі мерекелік шаралар өткізіледі деп күтіліп отыр.
Айта кетейік, алматылық 56 ардагердің әрқайсысы 1,5 миллион теңгеден алып, тағы 13 мың ардагерге әлеуметтік жәрдемақы беріледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина