Алматыда лифт батырмасын теуіп, кейін қызға шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Алматыда лифт батырмасын теуіп, кейін қызға шабуыл жасаған ер адам ұсталды
Фото: Видео кадры

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт батырмасын қайта-қайта басып, теуіп, кейін қызға шабуыл жасаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Кадрда ер адам агрессивті әрекет жасағаны көрінеді.

Алматы Полиция департаменті бұл дерек бойынша Алатау ауданы полиция басқармасы дереу шаралар қабылдағанын хабарлады.

"Қоғамдық орында агрессивті мінез-құлық танытқан және қызға дене жарақатын салған 26 жастағы ер адам ұсталды. Дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің әрекетіне заңнама аясында жан-жақты құқықтық баға беріледі", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, ол қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget