Алматыда лай көшкіні жүрген жер: дронмен түсірілген суреттер мен видеолар пайда болды

Алматыда лай көшкіні жүрген жер: дронмен түсірілген суреттер мен видеолар пайда болды
Фото: Massaget.kz

Алматыда бүгін түнде лай көшкіні жүріп, үйлерді зақымдады. Салдарынан бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты. Massaget.kz тілшісі оқиға орны дрон арқылы қалай көрінетінін көрсетті.

8 ақпанда түнгі сағат 2-20-да Медеу ауданы, Олимпийская көшесінің бойында техногендік топырақтың лайлануынан лай көшкіні жүрді. 

Massaget.kz

Көлемі 3200 текше метр болатын жылжыма түскен. 

Massaget.kz

Кейінірек Алматы әкімі Ерболат Досаев лай көшкіні болған жерге барып, шұғыл түрде көшпелі кеңес өткізді.

Massaget.kz

Ал Төтенше жағдайлар департаменті өкілі тұрғын үйлердің бірінің астында төрт адам қалуы мүмкін екенін, оның екеуі бала, екеуі ересек адам екенін мәлімдеп, құтқару жұмыстары жүріп жатқанын айтты. Кейінірек төрт адам да өлі табылғаны расталды.

Massaget.kz

Қазір оқиға орнында көліктерді лай басып қалғаны байқалады. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда лай көшкінінен қаза тапқан отбасының артында бір ұлы қалғаны хабарланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова