16 сәуірде кешке Алматының Бостандық ауданында лай көшкіні жүрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ремизовка аумағында болған оқиғаның видеосы жарияланды. Автордың айтуынша, топырақ төменгі жолға құлаған.
Алматы ТЖД мәліметінше, Ремизовка бау-бақша серіктестігі аумағындағы оқиға туралы хабарлама 112 желісіне сағат 18:10-да түскен. Оқиға орнына ТЖД, "Қазселденқорғау" ММ және қалалық құтқару қызметінің күштері шұғыл жіберілген.
Мамандар жеткен бойда жауын-шашын салдарынан көлемі шамамен 300 текше метр болатын топырақ массасы жылжығаны (лай көшкіні) анықталған. Бір ғимараттың шатырына зақым келген, зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайдың салдарын жоюға жеке құрамнан 40-қа жуық адам мен 10 техника жұмылдырылған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!