Алматыдағы түнгі ойын-сауық орындарының бірінде арнайы операция жүргізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Алматы прокуратурасының бастамасы бойынша ҰҚҚБ қызметкерлері қаланың түнгі ойын-сауық орындарының бірінде есірткі заттарын тарату жөніндегі қызметтің жолын кесті.
Арнайы операция нәтижесінде жұмыс орнында синтетикалық "мефедрон" есірткісін сатқан 21 жастағы лаундж-бардың қызметкері (кальяншы) ұсталды.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!