Алматының инфекциялық стационарлары қызылша ауруы өршуіне байланысты 90 пайызға толды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында қызылшамен ауыратын балаларды емдеуге арналған 280 төсек-орны бар жеті бөлімше (оның ішінде 12 төсек реанимация бөлімшесінде) орналастырылған. Оның ішінде Саялы филиалындағы бір бөлімше, Байзақов көшесіндегі стационарда және Апорт филиалында үш бөлімшеден бар. Резервте 40 төсек бар.
С. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына да 120 орындық кереуеттер орналастырылыпты, оның ішінде 108 кереует бос емес.
Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәліметінше, қазір қызылша бойынша тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай байқалып отыр. Алматыда наурыздан бастап зертханалық жолмен расталған 2509 жағдай тіркелді, оның 1994-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында (79,4 пайыз) анықталды.
Ал былтыр қалада зертханалық жолмен расталған қызылша мен қызамық тіркелген жоқ. Ауырған 1994 баланың 1880-і екпе алмаған (94,2 пайыз), оның ішінде вакцинациядан бас тартқан 1354 жағдай болған (72,02 пайыз), медициналық қарсы көрсетілімдері бар 260 жағдай болса(13,8 пайыз), 259 жағдайда (13,7 пайыз) екпе алатын жасқа жетпеген. Басқа себептермен екпе алмаған 6 жағдай тіркелсе (0,35 пайыз), екпе туралы деректері жоқ 1 жағдай (0,05 пайыз) болған.
Еске салайық, бұған дейін министр Ажар Ғиният қызылша ауруына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасағаны хабарланды.
Қызылша ауруының белгілері мен оның алдын алу. Педиатрмен сұхбат
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз